Жаңалықтар

ТҚШ ҚазОрталығы және METITO ТҰК келісімге қол қойды

ТҚШ ҚазОрталығы және METITO ТҰК келісімге қол қойды
Фото: gov.kz 04.12.2023 20:28 519

Дубайда БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы (COP28) тараптарының 28-ші конференциясы өтіп, оған әлемнің 190-нан астам елінің мемлекет және үкімет басшылары, сондай-ақ ғалымдар мен азаматтық қоғам өкілдері қатысты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Осы конференция шеңберінде «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ КIDF және Ақмола облысының әкімдігімен бірлесіп Көкшетау қаласында Metito Utilities Limited (бұдан әрі - Metito) компаниясымен кәріздік тазарту құрылысын салу жобасы бойынша қағидаттар туралы келісімге қол қойды. Metito компаниясының негізін қалаушы Mutaz Ghandour мырзамен қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде іске асыру бойынша келіссөздер жүргізілді. қазақстандық делегация компанияның жұмыс істеп тұрған кәріз тазарту құрылғыларын аралап, құрылыс және басқару тәжірибесімен танысты.

Айта кетерлігі, осы жылғы қыркүйекте «ТҚШ ҚазОрталығы» АҚ, Көкшетау қаласының әкімдігі мен Metito компаниясы арасында Негіздемелік келісім жасалды, оған сәйкес Metito компаниясы «Жобалау - құрылыс – пайдалану – беру» тетігі бойынша Көкшетау қаласының КТҚ пилоттық жобасын одан әрі іске асыру үшін өзінің инвестициялық ұсынысын дайындау мақсатында өз есебінен зерттеулер жүргізеді.

Жетекші халықаралық компаниялармен ынтымақтастық кәріз жүйелерін жаңғыртуға және дамытуға ықпал ететін жоғары білікті мамандар мен озық технологияларды тартуға мүмкіндік береді. Metro сияқты халықаралық компаниялардың әлемнің түрлі елдерінде жұмыс тәжірибесі мол және Қазақстанның ағынды суларды тазарту саласындағы мақсаттарына қол жеткізуге өз үлесін қосуға дайын.

Қазіргі уақытта «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ, КIDF, Metito және Көкшетау қаласының әкімдігі жобаның Жол картасын бірлесіп әзірлеуде.

Сондай-ақ, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ тікелей шетелдік инвестицияларды тарту мақсатында қазіргі уақытта ағынды суларды тазарту және оларды қайталама пайдалану саласында басқа да әлемдік көшбасшылармен келіссөздер жүргізіп жатқанын атап өткен жөн.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға