Жаңалықтар

Тозығы жеткен су тазарту қондырғыларының мәселесі қалай шешілмек

Тозығы жеткен су тазарту қондырғыларының мәселесі қалай шешілмек
Фото: © Pixabay.com 25.05.2023 13:17 522

Елімізде ірі қалалардың шайынды суларын тазартатын қондырғылардың басым бөлігі тозған. Бұл қалалардың қатарында Тараз қаласы да бар. Көптен бері көтеріліп келе жатқан өзекті мәселенің шешіміне қатысты Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жамбыл облысында 4 қала бар. Орталығы Тараз қаласында 427 мың халық тұрады. Сондай-ақ Жаңатас, Қаратау, Шу қалалары бар.

Бүгінгі күні арнайы жол картасы әзірленді. Инвестиция және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірге халықаралық қаржы ұйымдарынан Еуропа даму банкі арқылы 340 мың еуро ақша алдық. 340 мың еуроға Даму банкі конкурс өткізді. Конкурс нәтижесі бойынша шетелдік словениялық компания жеңімпаз атанды. Бізге қазір техникалық-экономикалық негіздемені дайындап жатыр. Ол дайын болған соң міндетті түрде ұсыныспен үкіметке шығамыз. Үкімет тарапынан кепілдеме алған соң Еуропа даму банкі арқылы кешенді соғу үшін қосымша қаражат бөлінеді», - деді аймақ басшысы.

2024 жылдың екінші жартыжылдығында Тараз қаласында құрылысты бастау жоспарланған.

Сонымен қатар, Жаңатас, Қаратау, Шу қалаларында жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп жатыр. «Республикалық бюджеттен қаражат бөлу жөнінде ұсынысты беріп, 2024 жылы екі қалада, 2025 жылы бір қалада жұмыстар басталады. Бүгінгі күні Тараз қаласында қосымша 20 гектар жерді Жамбыл су мекемесіне бөлдік. Сол 20 гектар жерде фильтрация алаңдарын қостық. Бүгінгі күні осы бағытта бұл мәселені шештік деуге болады, - дейді облыс әкімі.

Аймақ басшысының айтуынша, алдағы 2-3 жыл ішінде құрылыс жұмыстары біткен соң 100 пайыз шешіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға