Жаңалықтар

Төтенше жағдайлар және табиғи апаттар қаупін азайту орталығы кеңесінің отырысы өтті

Төтенше жағдайлар және табиғи апаттар қаупін азайту орталығы кеңесінің отырысы өтті
Фото: primeminister.kz 27.12.2022 16:51 1432

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мен Қырғыз Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Бообек Ажикеев қатысуымен Төтенше жағдайлар және табиғи апаттар қаупін қаупін азайту орталығы кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Отырыс шеңберінде Орталықтың азаматтық қорғау саласындағы халықаралық ұйымдармен бірлескен жобаларды іске асыру барысы, сондай-ақ Орталық Азия елдеріндегі климаттың өзгеруіне және төтенше жағдайларға бейімделуі туралы ақпарат ұсынылды.

Орталық халықаралық ұйымдардың көмегімен Орталық Азия елдерінің ауқымды және трансшекаралық ТЖ-ға ден қоюға дайындығын арттырады. Орталықтың қызметі халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық арқылы дамыған елдердің озық тәжірибесін қабылдауға, ақпараттық және техникалық қолдау алуға Қазақстан ТЖМ үшін мүмкіндік береді,

2022 жылы Орталық ОА елдерінің төтенше ведомстволарымен, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, өңірлік ынтымақтастықты нығайту, табиғи апаттар қаупін азайту, климаттың өзгеруіне және ТЖ бейімделу саласында 10 жобаны іске асырды.

Орталық Азия елдері төтенше ведомстволарының психологиялық, сүңгуірлік және кинологиялық қызметтерінің әлеуетін күшейту жөніндегі орталық пен Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының бірлескен жобалары. 2022 жылы Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан келген 36 кинолог іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде іздестіру иттерін қолданудың қосымша дағдыларын алды және халықаралық деңгейде сертификатталды.

Орталық ЕҚЫҰ-мен бірлесіп 2022 жылы Алматы қаласының таулы жерлерінде сел қаупін азайту жөніндегі жобаны іске асырды, оның негізгі міндеті Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарына халықты және аумақтарды қорғау үшін инновациялық ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, сел қаупін мониторингтеу, бағалау әдістемесі мен практикасын жетілдіруге жәрдемдесу болып табылады.

Отырыс қорытындысы бойынша Орталық Кеңесінің шешіміне қол қойылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға