Төтенше жағдайлар министрі WhatsApp-нөмірін жариялады

 © El.kz
Фото: © El.kz

WhatsApp мессенджерінде Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтің ведомствоның жеке құрамына арналған тікелей телефон нөмері іске қосылды. Министрмен тікелей байланыс желісі 4 қыркүйекте жұмысын бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері, сонымен қатар азаматтық қорғау органдарының ардагерлері өз сұрақтарын + 7 747 651 75 88 нөмірі бойынша министрге тікелей жолдай алады.

Сұрақ мәселенің түпкі негізін көрсететін нақты және түсінікті болуы қажет. Хабарламаны жіберген кезде өзі туралы деректерді: аты-жөні мен лауазымын, тұрғылықты өңірді көрсету маңызды, - делінген ТЖМ таратқан хабарламада.

Оқи отырыңыз