Жаңалықтар

Төтенше жағдайлар министрі саланы қалай өзгертетінін айтты

Төтенше жағдайлар министрі саланы қалай өзгертетінін айтты
Фото: gov.kz 20.07.2023 20:01 639

Абай облысының тұрғындарымен кездесуде сөз сөйлеген Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов ТЖМ-нің алдағы перспективалары туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Бірінші кезекте, бұл министрлік бөлімшелерін 95%-ға дейін, сондай-ақ табиғатты қорғау және орман мекемелерін 100%-ға дейін материалдық-техникалық нығайту», - деді Сырым Шәріпханов.

Облыс бойынша министрліктің 23 бөлімшесі қорғауда, олардың иелігінде негізгі, арнайы, қосалқы мақсаттағы 195 бірлік техника бар. Қазіргі уақытта техникамен жарақтандыру 89,2%, қажеттілік – 18%-ды құрайды.

«Семей қаласын дамыту аясында 2025 жылға дейін өрт депосын салу, жергілікті бюджет есебінен құлақтандыру жүйесін қосымша жарақтандыру көзделген», - деді Сырым Шәріпханов.

Сонымен қатар азаматтық қорғау қызметкерлерінің әлеуметтік пакетін жақсарту, тұрғын үй, жеңілдік және көтерме төлемдер, үстемеақылар мен қосымша төлемдер, кезекшілікті жүзеге асыру кезіндегі тәуліктік рациондар, сондай-ақ кадр ресурсы және олардың кәсібилік деңгейін арттыру мәселелеріне тоқталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға