Жаңалықтар

Төрт облыста қар еріп, өзен суы тасуы мүмкін

Төрт облыста қар еріп, өзен суы тасуы мүмкін
Фото: baq.kz 23.03.2023 16:14 777
Қазгидромет күннің жылынуына байланысты төрт өңірде қар еріп, өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
 
Синоптиктер Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында 23 мен 25 наурыз күндері қардың жылдам еруін болжап отыр.
 
Ауа температурасының жоғарылауынан бұл өңірлерде қар ериді, өзендерде мұз қабаты әлсіреп, су деңгейі көтерілуі мүмкін. Жергілікті жолдарды еріген қар суы шайып, су басуы ықтимал.
 
Ұлытау облысында мұндай құбылыс Ұлытау ауданының солтүстігі мен Жаңаарқа ауданында болуы мүмкін.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға