Жаңалықтар

Тоқалы емеспін. Альмира Тұрсын Ақан Сатаевтың бұрынғы әйелімен кездесті

Тоқалы емеспін. Альмира Тұрсын Ақан Сатаевтың бұрынғы әйелімен кездесті
Фото: instagram.com/almiratursyn 24.04.2023 14:30 7437

Белгілі актриса Альмира Тұрсын Ақан Сатаевтың бұрынғы әйелі Назира Бақаевамен кездесіп, режиссермен арақатынасы туралы қауесетке нүкте қойды,деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Назира Бақаеваға маған уақыт бөліп келгені үшін және ашықтығы мен шынайылығына алғыс айтамын. Екеуіміз ара қатынасымыздағы сыйластықтан айнымай, жайлы жерде әңгіме-дүкен құрдық. Өз сұрақтарымызға жауап алып, жеңілжеп қалдық, - дейді актриса.

Ол  Ақан мен Назираның ажырасуына өзінің қатысы жоқ екенін айтты. Олардың өз жеке себептері бар. Мен де бұрынғы күйеуіммен бөтен ер адам үшін ажырасқан жоқпын деп отыр.

 Ажырасуымның өз себебі бар. Мен тоқал немесе екінші әйел емеспін. Назира екеуіміздің бір-бірімізге деген ренішіміз жоқ. Тіпті керісінше, өзара сыйластығымыз арта түсті. Алдағы уақытта қарым-қатынасымызды үзбей, дос боламыз, - деп жазды Альмира Тұрсын.

Ақан Сатаев әйелімен 2020 жылы ажырасып кеткен болатын. Көпшілік "Сатаевтың ажырасуына актриса Альмира Тұрсын себеп болды" деп жазғырған еді.

Айта кетсек, қазақстандық танымал режиссер, актер Ақан Сатаевтың жары, бес баланың анасы, қазақстандық бірқатар фильмде ойнаған актриса Нәзира Бақаева көп жыл бұрын өнер жолынан бас тартып, ендігі өмірін отбасының берекесіне және мұсылмандық жолға арнайтынын мәлімдеген еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға