Жаңалықтар

Тоқаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары аяқталды

Тоқаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары аяқталды
Фото: Ақорда 22.12.2022 20:28 1305

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барды.

Мемлекет басшысы Өзбекстан Республикасы Президентінің Ташкенттегі «Куксарой» резиденциясының құрметті қонақтар аллеясында ағаш екті.

Президент Ташкент қаласының «Янги Узбекистон» саябағындағы «Тәуелсіздік» монументіне гүл шоғын қойды.

Президент Ташкент қаласындағы көрнекті орындардың бірі «Төле би кесенесі» сәулет кешеніне барды.

 Сондай-ақ екі ел басшыларының шағын және кеңейтілген құрамдағы кездесулерінде бірқатар құжатқа қол қойылды.

Тоқаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары аяқталды

Тоқаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары аяқталды

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға