Жаңалықтар

Тоқаевқа жаңа премьердің кандидатурасын Amanat партиясы ұсынады

Тоқаевқа жаңа премьердің кандидатурасын Amanat партиясы ұсынады
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 05.02.2024 18:41 785

Конституцияға сәйкес Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Amanat басқарушы саяси партиясы ұсынған кандидатураны қарайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті.

Мақұлданған жағдайда Мемлекет Басшысы премьер-министрдің кандидатурасын оның келісімін беру үшін Парламент Мәжілісінің қарауына енгізеді. Мәжіліс келіскен жағдайда Президент жаңа премьер-Министрді қызметке тағайындайды. Осыдан кейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамын толықтыру процесі басталады, - дейді Берік Уәли.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Жарлыққа қол қойды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға