Жаңалықтар

Тоқаев Тәжікстанға мемлекеттік сапармен барды

22.08.2024 12:52 788
Тоқаев Тәжікстанға мемлекеттік сапармен барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Республикасына мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысын Душанбе әуежайында Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қарсы алды.

Сапар аясында шағын құрамда және екі ел үкіметтері делегацияларының қатысуымен жоғары деңгейде келіссөздер өтеді.

Сондай-ақ екі елдің cаяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын нығайтуды көздейтін бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға