Тоқаев Щучьедегі студенттің өліміне қатысты мән-жайды тексеруді тапсырды

 t.me/aqorda_resmi
Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Ішкі істер министріне Ақмола облысының Щучье қаласында болған студенттің өліміне қатысты барлық мән-жайды жан-жақты тексеруді тапсырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кінәлілер заң талаптарына сай жауапқа тартылуы керек. Президент бұл мәселені ерекше бақылауға алды.

Айта кетейік, қазанның 6-на қараған түні Щучьедегі теміржол маңынан Жоғары техникалық колледждің 4-курс студентінің мәйіті табылды.

Оқи отырыңыз