Жаңалықтар

Тоқаев қыз алып қашу дәстүріне тыйым салуды тапсырды

Тоқаев қыз алып қашу дәстүріне тыйым салуды тапсырды
Фото: Ақорда 15.03.2024 16:20 1479

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қыз алып қашу дәстүрі туралы ойын ортаға салып, оны заңсыздық деп айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елімізде қыз алып қашуды ұлттық дәстүр санап, ел ішінде дәріптегісі келетіндер бар. Бұл – мүлдем ақтауға болмайтын заңсыздық, қараңғылық, тіпті, масқара тірлік. Өркениетті қоғамда әр азаматтың абыройы, құқығы және бостандығы баға жетпес құндылық болуы керек. Сондықтан мұндай ақылға сыймайтын әрекеттерді қатаң сынға алу жеткіліксіз. Оған құқықтық баға беріліп, біржола тосқауыл қойылуы тиіс, - деді Тоқаев.

Президент ата жолын сақтау үшін ғасырлар бойы бабалар ұстанған асыл дінімізді сақтауға шақырды.

Дәстүрлі ислам – халқымыздың ұлттық бірегейлігін танытатын басты құндылықтың бірі. Біз оны берік ұстану арқылы экстремизмге және кертартпалыққа қарсы тұра аламыз. Жұртымыздың өзіне ғана тән ерекшелігі бар. Біз осы мәдени кодымызды сақтап, бабалар жолымен жүруіміз керек, - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға