Жаңалықтар

Тоқаев қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады

Тоқаев қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады
Фото: Ақорда 23.03.2023 08:51 787

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

Ардақты ағайын! Сіздерді қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – күллі мұсылман қауымы үшін мән-маңызы айрықша мезгіл. Адамзатты рухани тазаруға және жан-жақты кемелденуге бастайтын осы айда төзімділік, жанашырлық, имандылық сияқты құндылықтар кеңінен дәріптеледі. Ата-бабамыз Рамазанды «он екі айдың сұлтаны» деп ардақтаған. Ораза ұстаған жамағатқа ауызашар беріп, бір-біріне ерекше құрмет көрсеткен, - деді Президент.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы ислам діні қоғамның тыныштығын сақтау жолында маңызды рөл атқаратыны айтты.

Салт-дәстүрімізбен сабақтас асыл дініміз ғасырлар бойы Ұлы далада елдің бірлігін және қоғамның тыныштығын сақтау жолында маңызды рөл атқарып келеді. Мейірімділік айында халқымыз игі істерін еселеп, сауапқа кенеле берсін! Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін! Ораза қабыл болсын!, - делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға