Жаңалықтар

Тоқаев Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қол қойды

Тоқаев Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қол қойды
Фото: Akorda.kz 23.12.2023 15:40 1169

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды, EL.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі және дактилоскопиялық тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарындағы қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға