Жаңалықтар

Тоқаев Путинге көңіл айтты

Тоқаев Путинге көңіл айтты
Фото: Akorda.kz 15.08.2023 11:56 816

Мемлекет басшысы Ресей президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақорданың мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Дағыстан Республикасының Махачкала қаласындағы жанар-жағармай стансасында болған жарылыс салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге көңіл айтты.

Орны толмас қайғыға ортақтасып, қаза тапқан адамдардың туған-туыстарына Қазақстан халқының және жеке өз атымнан көңіл айтамын. Сонымен қатар зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін, – деп жазылған жеделхатта.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға