Тоқаев Президент әкімшілігінде тағайындау жүргізді

 El.kz
Фото: El.kz

Ержан Сейітқұлов пен Қуат Сандалов жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Нұраханұлы Сейітқұлов Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының өкімімен Қуат Жалалитденұлы Сандалов Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Цифрландыруды дамыту бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

Оқи отырыңыз