Жаңалықтар

Тоқаев Орталық Азия елдерінің басшыларына сауда-саттықты ұлғайтуды ұсынды

Тоқаев Орталық Азия елдерінің басшыларына сауда-саттықты ұлғайтуды ұсынды
Фото: t.me/aqorda_resmi 14.09.2023 17:00 464

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының V Консультативтік кездесуінде бірлескен жұмыстың нақты бағыттарына қатысты ұсыныстарын ортаға салды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елдеріміз арасындағы сауда-саттық қарқынын дәйекті түрде ұлғайту қажет. Бұл салада айтарлықтай нәтиже бар екені байқалады. Жоғарыда атап өткенімдей, аймақ мемлекеттері арасындағы өзара сауда тұрақты түрде өсіп келеді. Біздің елдеріміздің өзара тауар айналымын алдағы уақытта 15 миллиард долларға дейін жеткізу үшін мол мүмкіндік бар, - деді Президент.

Президент Қазақстан өңірдегі елдерге өз экспортын 175 шикізаттық емес тауар түрі бойынша ұлғайта алатынын атап өтті.

Елдеріміздің іскер топтары сауда айналымын кеңейтетін негізгі жетекші күш болуға тиіс деп санаймын. Сондықтан, менің ойымша, оларға қолайлы орта қалыптастыру жұмысына баса мән беру керек. Кәсіпорындар арасында тікелей байланыс орнату үшін тауар өндірушілердің бірыңғай электронды базасын құруды ұсынамыз. Мысалы, оны Central Asia Gateway порталы аясында іске асыруға болады, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға