
Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты мерейтойымен құттықтады
05.07.2025 17:27
12224
Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мемлекет басшысы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты 85 жасқа толуымен құттықтады.
Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта мерейтой иесінің тарихи рөліне тоқталып, оның жаңа дәуірдегі қазақ мемлекеттілігінің бастауында тұрғанын және Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосқанын жазған.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Тұңғыш Президенттің Қазақстан астанасын көшіру туралы шешімі ел экономикасын өркендетуге және мемлекеттің халықаралық беделін нығайтуға айрықша ықпал еткенін атап өткен.
Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтың деніне саулық тіледі.