Жаңалықтар

Тоқаев Италияның премьер-министріне көңіл айтты

Тоқаев Италияның премьер-министріне көңіл айтты
Фото: ©AP/Darko VOJINOVIC 12.06.2023 21:21 646

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италияның көрнекті мемлекет қайраткері, бұрынғы премьер-министрі Сильвио Берлусконидің дүниеден өтуіне байланысты Джорджа Мелониге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.   

Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

Мемлекет басшысы өз жеделхатында Сильвио Берлусконидің Қазақстан мен Италия арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және дамытуға орасан зор үлес қосқанын атап өткен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға