Жаңалықтар

Тоқаев: Германияның Орталық Азиядағы сауда көлемінің 80 пайызы Қазақстанның үлесіне тиесілі

Тоқаев: Германияның Орталық Азиядағы сауда көлемінің 80 пайызы Қазақстанның үлесіне тиесілі
Фото: Akorda.kz 20.06.2023 12:35 494

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның Федералды президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен кездесу барысында екі ел арасындағы экономикалық-ынтымақтасты талқылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Біз халықаралық ұйымдардағы ынтымақтастығымыз аясында көптеген мәселе бойынша өте ашық диалогтар жүргіздік. Біз геосаясат мәселелерін де талқыладық. Осы диалог үшін сізге ризамын. Бұл диалог қазіргі күн тәртібіндегі ең өзекті мәселелер бойынша Германияның ұстанымын түсінуге және бағалауға пайдалы болды, - деді Президент.

Мемлекет басшысы Қазақстан-Германия арасындағы байланыстың жақсы жүріп жатқанын атап өтті.

Біріншіден, екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастық табысты дамып келеді. Германияның Орталық Азиядағы сауда көлемінің 80 пайызы Қазақстанның үлесіне тиесілі. Біздің ынтымақтастығымыздың негізгі секторлары мұнай-газ, өңдеу өнеркәсібі, машина жасау, көлік, логистика, жаңартылатын энергия көздері және ауыл шаруашылығы болып табылады. Бұл жолда көптеген салалар мен секторлар қамтылып отыр. Біз Германиядағы жаңа неміс компанияларын Қазақстандағы жасыл экономика өндірісін дамытуға шақырамыз, - деді Тоқаев.

Сонымен қатар Тоқаев бүгінгі өтетін Қазақстан-Германия инвестициялық форумының негізіне тоқталып өтті.

Бұл форум Үкіметте іскерлік деңгейде қол жеткізілген келісім, сауда-инвестициялық ынтымақтастығымызды нығайтуға жаңа серпін беретініне сенемін. Маңғыстау облысына іссапарыңыз туралы шешіміңізге ризамын, бұл екі елдің іскерлік ынтымақтастық жетістігімізді көрсетеді деп ойлаймын, - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйекте Германияға іссапармен баратынын айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға