Жаңалықтар

Тоқаев Бразилия халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Тоқаев Бразилия халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Фото: Akorda.kz 07.09.2023 09:32 787

Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Луис Инасиу Лула да Силваны Бразилияның ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Президент жеделхатында Бразилия Қазақстанның Оңтүстік Америкадағы маңызды әрі сенімді серіктесі екеніне назар аударып, дәстүрлі достық рухындағы ынтымақтастықтың ауқымы кеңейіп келе жатқанын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы өзара байланыстың нығая түсетініне сенім білдіріп, Луис Инасиу Лула да Силваның аса жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, барша Бразилия халқына құт-береке тіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға