Тоқаев Бішкекте Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатын тамашалады

Тоқаев Бішкекте Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатын тамашалады
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкек қаласында өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты.

Биылғы дүбірлі дода 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қырғызстанның Ыстықкөл облысында өтеді. Ойындарға 100-ден астам елден 3 мыңға жуық спортшы қатысып, спорттың 43 түрінен, оның ішінде ұлттық спорт түрлерінен бақ сынайды.

Қазақстан құрамасы сапында 150-ден астам спортшы өнер көрсетеді. Отандастарымыз жарыстың барлық 43 спорт түрінен ел намысын қорғайды.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың шақыруымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 26-отырысына және «ШЫҰ+» форматындағы кездесуге қатысу үшін Бішкек қаласына жұмыс сапарымен барды

Қазақстан Президентін «Манас» әуежайынан Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев қарсы алды.

Оқи отырыңыз