Мемлекет басшысы БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті.
Тараптар екіжақты ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылады, соның ішінде сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы қатынастарды нығайтуға баса мән берді. Осы ретте Қазақстан Президентінің жақында Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді жүзеге асырудың маңыздылығы атап өтілді.
Екі ел басшылары саяси диалогты одан әрі кеңейтуге, сауда-саттық байланыстарды жандандыруға және экономиканың түрлі секторларында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға өзара ниетті екенін растады.
Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің президентімен сөйлесті
Оқи отырыңыз
30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев23 Сәуір, 17:09
Ерте қартайған Нұржан: Бір кездері ел шулаған тағдыр бүгінде қалай өзгерді?23 Сәуір, 11:31
Қазақстандағы ең ерекше кітапханалар: тарихы мен бүгінгі келбеті9 Сәуір, 10:00
Төрешілер былығына федерация кінәлі ме? І Бізде бомбардирлер жоқ І «Астанаға» обал болды