Жаңалықтар

Тоқаев Әзербайжан президентімен кездесті

Тоқаев Әзербайжан президентімен кездесті
Фото: Ақорда 11.03.2024 14:02 537

Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан президентінің «Загульба» резиденциясына барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Резиденцияда Қазақстан президентін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.

Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді. Қазақстан мен Әзербайжанның мемлекеттік әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Салтанатты рәсімнен кейін екі ел басшылары келіссөз залына өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға