Тоқаев «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасын қабылдады

 El.kz
Фото: El.kz

Мемлекет басшысы «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетовті қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Бақтықожа Ізмұхамбетов «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің 2022 жылы атқарған жұмыстары мен биылға арналған жоспарын баяндады.

Тоқаев  «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан реформалардың жүзеге асуына «Ардагерлер ұйымы» да атсалысып жатқаны туралы айтылды.

Сонымен қатар республикалық қоғамдық бірлестіктің төрағасы елдің әлеуметтік-экономикалық бағытына қатысты бірқатар ұсыныс берді.

Оқи отырыңыз