Тоқаев Алматы әуежайында қаскөйді ұстауға көмектескен азаматты мемлекеттік наградаға ұсынды

 Видеодан кадр/t.me/kozachkow
Фото: Видеодан кадр/t.me/kozachkow

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әуежайында адамды кепілге алу жағдайы жөнінде хабардар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жазды.

Президент қылмыскердің суық қаруын тартып алып, ұстауға көмектескен ер адамның батылдығын ерекше атап өтіп, аталған азаматты мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырды, - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз