Жаңалықтар

ТОП-7. 2023 жылы әлем назарын аударған оқиғалар

ТОП-7. 2023 жылы әлем назарын аударған оқиғалар
Фото: Коллаж El.kz 28.12.2023 16:10 6667

2023 жылдың басы Түркия мен Сириядағы сұмдық зілзаладан басталды. Осы жыл жер сілкінісінің көп болуымен есте қалатындай. Себебі, Ауғанстан мен Мароккода болған табиғи апаттан мыңдаған адам көз жұмды. Сондай-ақ, қоян жылы «Титан» бастикафы суға кетсе, ХАМАС пен Израиль арасындағы қақтығыс, Судандағы азаматтық соғыс және т.б орын алды.

Түркия мен Сириядағы жер сілкінісі

ТОП-7. 2023 жылы әлем назарын аударған оқиғалар
Ahmet Akpolat / dia images / Getty Images

6 ақпанда Түркияның орталығы мен оңтүстік-шығысында, Сириямен шекаралас жерде жойқын жер сілкінісі болды. АҚШ Геологиялық қызметі мәліметінше, 7,8 балдық жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 04:17-де Газиантеп маңында 17,9 шақырым тереңдікте тіркелген. Мыңдаған адам баспанасыз қалды, мыңдаған ғимарат, арасында ауруханалар, мектептер мен көпқабатты тұрғын үйлер қираған. Түркияда үш ай төтенше жағдай жарияланды. Осы табиғи апаттан Түркияда 44 218, Сирияда 5914 адам қаза болды.

ХАМАС пен Израиль арасындағы қақтығыс

ТОП-7. 2023 жылы әлем назарын аударған оқиғалар
© AP

Газа секторын бақылаушы ХАМАС жасағы қазан айында Израильге соғыс жариялап, қалаларын жаппай атқылады. Кей деректерде, ХАМАС Израильге қарсы бес мың зымыран ұшырғаны айтылды. ХАМАС 1973 жылы, 6 қазанда басталған «Ақырзаман соғысы» деген атаумен тарихта қалған соғыстың 50 жылдығы қарсаңында операция жасады. Бұған жауап ретінде Израиль үкіметі төтенше жағдай жариялады. 7 қазан хамастықтар Израильдің оңтүстігіне кенеттен басып кіріп, 1200 адамды өлтіріп, 240 тұрғынды Газаға ұрлап алып кеткен. Екі айға жуық уақытта Израильдің кек алу операцияларынан 15 жарым мыңдай палестиналық қаза тапқан.

Суға кеткен «Титан» батискафы

ТОП-7. 2023 жылы әлем назарын аударған оқиғалар
Әлеуметтік желіден

«Титан» аппараты Атлант мұхитының солтүстік бөлігіндегі «Титаник» апаты орнына 18 маусымда аттанған  еді. Ал 19 маусымда экипажбен байланыс үзілген.  Қайғылы бортта батискафты салған Стоктон Раш, француз флотының ардагері Пол-Анри Наргеоле, ұлыбританиялық миллиардер Хамиш Хардинг және пәкістандық кәсіпкер Шахзада Дауд пен оның 19 жастағы ұлы Сүлейман болды. 22 маусымда АҚШ жағалау күзетінің контрадмиралы Джон Могер бортта болғандардың бәрі қаза тапқанын мәлімдеді.

Судандағы азаматтық соғыс

ТОП-7. 2023 жылы әлем назарын аударған оқиғалар
yandex.kz

15 сәуірден бастап Судан мемлекетінде қорғаныс күштері мен әскери құрылым арасында қақтығыс орнады. Қарулы қақтығыстың кесірінен қарапайым азаматтар арасында қаза тапқандар саны көбейді, осыдан бастап азаматтық соғыстың өрті тұтанды. Судан астанасы Хартумдағы қақтығыстар бірнеше күнге ұласты. Жалпы Суданның әскери басшысы генерал Абдул Фаттах әл-Бурхан және Жедел қолдау күштері қолбасшысы генерал-лейтенант Мұхаммед Хамдан 2021 жылы әскери төңкеріс нәтижесінде елді басқаруды басып алып, билікті азаматтық үкіметке беруі керек еді. Бірақ оның орнына олар бір-біріне қарсы шықты. Судандағы азамат соғысы кезінде 420 адам қаза тауып,  3,7 адам жарақат алған.

Үндістандағы пойыз апаты

ТОП-7. 2023 жылы әлем назарын аударған оқиғалар
© Reuters

Оқиға 2 маусымда кешке Калькутта қаласынан 220 шақырым жерде болған. Бір пойыздың ондаған вагоны рельстен шығып, олардың бөлшектері басқа пойыз келе жатқан жолға шығып кеткен. Нәтижесінде іргелес жолдағы пойыздың үш вагоны да рельстен шығып кеткен. Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, апаттан тауар пойызы да зардап шеккен. Пойыз апатынан үш жүзге жуық адам қайтыс болып, мыңға жуығы жарақат алды.

ІІІ Карл Ұлыбритания королі ретінде салтанатты түрде таққа отыруы

ТОП-7. 2023 жылы әлем назарын аударған оқиғалар

Фото: I-Images / Keystone Press Agency / Global Look Press

Лондондағы Вестминстер аббаттығында Британия монархы ІІІ Карл мен жұбайы Камиллаға тәж кигізу рәсімі өтті. Тәж кигізу рәсімі ІІІ Карлдың анасы, патшайым ІІ Елизавета қайтыс болғаннан кейін 8 ай өткенде атқарылып отыр. Вестминстер аббаттығында өткен салтанатты шарада Қасиетті Эдуардтың таза алтыннан құйылып, рубин тастармен безендірілген тәжін 74 жастағы Карлдың басына Кентербери архиепископі кигізді. Тақ мұрагері, Уэльс ханзадасы Уильям әкесінің алдында тізе бүгіп, адалдығын білдірді. ІІІ Карлдың екінші әйелі 75 жастағы Камиллаға да салтанатты түрде тәж кигізілді.

«Вагнер» жетекшісі Пригожиннің өлімі

ТОП-7. 2023 жылы әлем назарын аударған оқиғалар
Әлеуметтік желіден

23 тамыз кешке Ресейдің Тверь облысы Бологов ауданында Embraer бизнес-джеті құлады. Росавиация агенттігінің мәліметінше, ұшақтың жолаушылар тізімінде «Вагнер» жеке әскерінің басшысы Евгений Пригожин болды. Осы ұшақта болған он да қайтыс болды. «Вагнер» бейресми түрде Кремльдің атынан Сириядағы, Африкадағы қақтығыстарға, кейін Украинадағы соғысқа қатысты. Украинадағы соғыс кезінде «Вагнер» Бахмут үшін шайқасты. Кейін Пригожин Ресей қорғаныс министрі мен Ресей әскерінің қолбасшыларын жиі сынап, талаптар қоя бастаған. Бүліктен соң «Вагнер» тобы Украинадағы соғысқа араласуын тоқтатып, Пригожин жұрт көзіне сирек түсетін.

Маусым айында Пригожин бастаған «Вагнер» жалдамалы әскер тобы бүлік шығарып, Мәскеуге қарай аттанған. Бүлік кезінде Ресей әуе күштерінің бірнеше ұшағы мен тікұшағы құлаған. Бірақ бұл бүлігін көп өтпей-ақ тоқтатқанын хабарлаған еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға