Жаңалықтар

Топ-10: Әлем чемпионатының үздік футболшылары

Топ-10: Әлем чемпионатының үздік футболшылары
Фото: olympic.kz 08.11.2022 14:45 4880

Катар-2022 Әлем чемпионаты қарсаңында айтулы спорттық бәсекеде үздік өнер көрсеткен үздік 10 футболшының тізімін айқындадық.

Шынында, бұл сұрақ төңірегінде түрлі пікір бар. Біз футболшылардың Әлем чемпионатындағы өнерін бағалап қана қоймай, командасын жеңіске жетелеудегі орнын, техникалық және тактикалық шеберлігін есепке алдық.

Фото: olympic.kz

  1. Зинедин Зидан

1998 жылы Францияда Әлем чемпионатының байрағы көтерілді. Финалда алаң иелері мен Бразилия кездесті. Осы чемпионатта жанкүйерлер Зиданның өнеріне таңдана қарады. Ол финалда Бразилия қақпасына екі гол соғып, Францияны үздік құрама болуына себепкер болды. 

2002 жылғы Әлем чемпионатында жарақатына байланысты жарқылдай көріне алмады. Есесіне, 2006 жылы турнирдің үздік ойыншысы атанды. Финалдық ойынның қаһарманына айналған футболшыны Парижде мыңдаған жанкүйерлер күтіп алып, ілтипат білдіріп, Зиданның атын ұрандатып жатты.

Ол Франция сапында 108 ойында 31 гол соқты. «Реал Мадрид», «Ювентус» командасының сапында лидерлік қасиетімен танылды. Жаттықтырушы ретінде «Реал Мадрид» сапында үш рет Чемпиондар лигасын және екі рет Ла Лига чемпионын жеңіп алды.

Фото: sports.ru

  1. Джимми Гривз

Англия Премьер-лигасында 6 жыл үздік бомбардир атанды (1959, 1961, 1963, 1964, 1965, 1969), Премьер-лига тарихында 357  гол соғып, үздік бомбардир ретінде танылды.

2002 жылы ағылшын футболының даңқ залына енгізілді.

1966 жылы Әлем кубогын жеңген команданың басты қаһарманы болды. Гривз Англия үшін алты хет-трик жасады, бұл рекорд әлі күнге дейін бұзылған жоқ.

Фото: soccer.ru

  1. Ференц Пушкаш

Пушкаш Джимми Венгрия құрама командасының даңқты капитаны болды.

Ол мансабындағы 705 матчта 702 гол соқты. 1956 жылғы Венгрия революциясының белсенді жақтаушысы болды және көтеріліс кезінде кеңес әскері оның 2500 отандасын өлтіргеннен кейін, Испанияға кетті.

Ол коммунизм ыдырағаннан кейін Венгрияға оралды және оны венгрлер оны қатты құрметтейді.

Фото: fakty.ua

  1. Лотар Маттеус

Германияның ең атақты ойыншысы Маттеус 150 халықаралық матчта 23 гол соқты. Неміс жартылай қорғаушысы бес әлем чемпионатына қатысты. Ол командасына 1990 жылғы чемпионатта жеңіске жетуге көмектесті.

ФИФА-ның «Жыл ойыншысы» атағын жеңіп алған жалғыз неміс ретінде белгілі.

Маттеус әлем чемпионатында ең көп ойынға қатысу рекордының иесі (25).

Оның табиғи көшбасшылығы, техникалық қабілеті оны ерекшелейді.

Диего Марадона оны алаңда кездескен «ең қиын қарсылас» деп атады.

Фото: sportbox.ru

  1. Мирослав Клозе

Германияның рекордтық сұрмергені Мирослав Клозені бұл тізімге қоспауға әсте болмайды. Клозе төрт әлем чемпионатында гол соғып, 2014 жылы басты жүлдені жеңіп алды.

Германия құрамасында 137 ойынға қатысып, 71 гол соқты. Әлем чемпионатында 16 рет қарсыласының қақпасынан саңылау тапты. Неміс футболшылары арасында бұдан артық гол соққан ешкім жоқ.

Фото: yandex.kz

  1. Роналдиньо

«Феномен» Бразилия құрамасы сапында 98 матчта ойнап, 62 гол соқты. Ол шабуылшы ұғымын мүлде өзгерткен ойыншы. 1994 жылы небәрі 17 жасында Әлем чемпионатын жеңіп алды.

1998 жылы төртжылдықтың басты турнирінде үздік ойыншы атанды. 2002 жылғы әлем чемпионатының финалында екі рет гол соғып, кубокты тағы бір рет жеңіп алды.

Әлем чемпионатының төртінші матчында Роналду сол кездегі рекордтық әлем чемпионатындағы 15-ші голын соқты.

Оның жылдамдығы, допты бақылауы, алаңды тұстастай көре білуі және неше түрлі трюктарды орындауымен жанкүйерлердің есінде қалды.

Фото: sports.ru

  1. Франц Беккенбауэр

Әлем кубогының ойыншы және жаттықтырушы ретінде жеңіп алған үш адам – Дидье Дешам мен Марио Загалломен бірге Франц Беккенбауэрді атауға болады.

Беккенбауэр қорғаныста ойнағанына қарамастан, 14 рет гол соғып, 1974 жылы жеңіске жеткен команданың капитаны болды.

1966 жылғы Әлем чемпионатының финалында Англиядан жеңілген ол төрт жылдан кейін ағылшындарға гол соғып, Батыс Германияны жартылай финалға алып шықты.

1990 жыл Беккенбауэр әлем чемпионатын бапкер ретінде жеңіп алды.

Фото: gazeta.ru

  1. Йохан Кройфф

«Алтын доптың» үш дүркін иегері, Total Football спорт философиясындағы ең ықпалды тұлғаның бірі ойынға күрделіліктің жаңа деңгейін әкелді.

Кройф үшін футбол спорт түрі ғана емес, ақыл-ой, дене және өнердің үйлесімі еді.

Алаңдағы ойыншылардың геометриясын ерекше түсінетін креативті плеймейкер өз командасын оркестрдің дирижері іспетті басқарды. Ол 48 халықаралық матчта 33 гол соқты.

Ол футболда тики-така тактикасын дамытып, өзі баптаған командаларды да биікке шығара білді.

Фото: legendfootballer.jimdofree.com

  1. Диего Марадона

1986 жылғы Әлем чемпионатының ширек финалында Англияның бес ойыншысын 60 метрлік дриблингпен өтіп, гол соғуы «ғасыр голына» ретінде бағаланды.

1986 жылы Аргентина командасымен бірге Әлем чемпионатын жеңіп алды.

Жалпы 91 кездесу өткізіп, өз елі үшін 34 гол соқты.

Ол 60 жасында қайтыс болды. Марадонаның Аргентинадағы танымалдылығы соншалық, оның мемлекеттік тумен жабылған және футбол жейделерімен әшекейленген табытының салтанатты түрде президент сарайында тұрып, ондаған мың аза тұтушылар құрмет көрсетті.

Фото: i-fakt.ru

  1. Пеле

Пеле үш рет әлем чемпионатын жеңіп алған жалғыс футболшы (1958, 1962, 1970). Ол 92 матчта 77 гол соғып, Бразилияның үздік бомбардирі ретінде бағаланады. Оның бүкіл әлемге әйгілі болғаны сонша, 1969 жылы Нигериядағы азаматтық соғыстың екі жағы да Лагостағы көрме матчында Пеленің ойынын тамашалау үшін атысты тоқтатуға келісті.

1977 жылдың 1 қазанында Нью-Йорктің «Гигант» стадионында «Сантос» және «Космос» командасы ойнады. Жанкүйерді бір сұрақ толғандырды, ол – Пеле қай командада ойнайды? Қызығы, аңыз футболшы бірінші таймда «Космос», екінші таймда «Сантос» сапында өнер көрсетті. Осы ойында 18 жыл ойнаған клубының қақпасына Пеле 1281-голын соқты. Сөйтіп, спорттық карьерасын аяқтады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға