Жаңалықтар

Төлеби ауданында лауазымды тұлғалардың әрекеті әшкере болды

Төлеби ауданында лауазымды тұлғалардың әрекеті әшкере болды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 01.12.2023 09:31 848

Түркістан облысының прокуратурасы Төлеби аудан әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты ауданның арнайы жер қорындағы жерлерді заңсыз актілерді рәсімдеу арқылы аса ірі мөлшерде алаяқтықпен иеленген фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі

Атап айтқанда, қылмыстық іс бойынша ауданның Жер қатынастар бөлімінің басшысы, өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, осы бөлімнің бұрынғы басшысымен алдын-ала сөз байласу арқылы нарықтық құны 326 млн теңге құрайтын 200 га астам құнарлы жер учаскелерін заңсыз рәсімдегені бойынша күдіктелуде.

Түркістан облысының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасымен күдікті тұлғалар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі таңда аталған қылмысқа басқа да тұлғалардың қатыстылығын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға