Жаңалықтар

Токио әуежайында екі ұшақ соқтығысты

Токио әуежайында екі ұшақ соқтығысты
Фото: NHK 11.06.2023 06:26 506

Токиодағы Ханеда әуежайы қазір қалыпты режимді жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Сенбі күні әуежайда маневр жасау кезінде екі ұшақ соқтығысқан.

NHK телеарнасының мәліметінше, Thai Airways компаниясы мен тайваньдық Eva Airways компаниясының ұшақтары соқтығысқан. Олардың бірі Бангкокке, екіншісі Тайбэйге ұшуы тиіс болған. Олардың ішінде 460 жолаушы болды, ешкім зардап шеккен жоқ.

Телеарна түсірген кадрларда әуе лайнерлерінің қанаттары зақымданғанын байқауға болады.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Thai Airways ұшағының қанаты өтіп бара жатып орнында тұрған екінші лайнерге тиіп кеткен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға