Жаңалықтар

Тоғыз айда 30 мың қазақстандық «Amanat» партиясына қабылданды

Тоғыз айда 30 мың қазақстандық «Amanat» партиясына қабылданды
Фото: Amanat 07.02.2023 12:21 1162

Бұл туралы «Amanat» партиясының съезінде партия төрағасы Ерлан Қошанов мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

««Amanat» партиясының құрамы 75 пайызға жаңартылды. Бұл еліміздің барлық мәслихаттарына біз ұсынған 4 мыңға жуық адам. Олардың үштен бірі әйелдер. Үміткерлеріміздің әрбір бесіншісі – өскелең ұрпақтың өкілі. Партия мәслихаттарға 3821-ден астам, ал Мәжіліске 119 кандидат ұсынды. Олардың барлығы әр өңірдің және барлық саланың өкілдері. AMANAT-тың 800 мыңнан аса мүшесі бар. Артымызда қалың қол тұр. «Amanat»бір сайлаудың немесе бір науқанның партиясы емес. Біз 365 күн бойы, 24 сағат үзіліссіз, тынымсыз жұмыс істеп келеміз», - деді төраға.

Сондай-ақ, халық қалаулысы соңғы тоғыз айда 30 мың қазақстандық «Amanat» партиясының құрамына қабылданғанын айтты.

«Оларға есігіміз әрқашан ашық. Біз халқымызбен бірге өзгереміз. Партияға түпкілікті трансформация жасадық. Бұрынғыдай құрғақ уәде мен жалаң ұрандардан арылдық. Сөзден нақты іске көшіп, саяси алаңда да, қоғамдық жұмыста да барынша ысылдық, шыңдалдық. Шын мәнінде Мемлекет басшысының қоғамдық тірегіне, елдегі түбегейлі реформалардың қозғаушы күшіне айнала білдік. Ең бастысы, «Amanat» партиясы қысылтаяң сәттерде әрдайым халқымызбен бірге болды. Қиын жағдайларға тап болған халыққа партия бірінші болып көмек қолын созды», - деді партия төрағасы Ерлан Қошанов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға