Жаңалықтар

Тоқаев өрт сөндірушілерді мемлекеттік наградалармен марапаттады

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді
Тоқаев өрт сөндірушілерді мемлекеттік наградалармен марапаттады
Фото: Ақорда 10.09.2022 12:38 1227

Тоқаев Төтенше жағдайлар қызметкерлерін мемлекеттік наградаларымен марапаттады деп хабарлайды El.kz.Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін наградталсын:
Төтенше жағдайлар министрлігі бойынша ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен:

Тоғызбаев Айдос Ерұланұлы (марқұм) - Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 14 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі;

Тұрлыбеков Амангелді Айтмұхашұлы - Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 14 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;

Ерлігі үшін» медалімен:
Нұрлан Сәлімжан - Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 14 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев                                                                

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 10 қыркүйек
№ 1003

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға