Жаңалықтар

Тоқаев шейх Тәмимді «Алтын қыран» орденімен марапаттады

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді
Тоқаев шейх Тәмимді «Алтын қыран» орденімен марапаттады
Фото: Ақорда 12.10.2022 13:01 977

Бүгін Ақордада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді еліміздің ең жоғарғы наградасы – «Алтын қыран» орденімен марапаттады, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

«Жоғары мәртебелі шейх мырза! Сіз қазақ-қатар қарым-қатынасын тұрақты дамытуға өлшеусіз үлес қосып келесіз. Біз оны жоғары бағалаймыз. Мен осы саладағы айрықша тарихи рөліңізді ескере отырып, Сізді «Алтын қыран» орденімен марапттау туралы шешім қабылдадым. Бұл – Қазақстан Республикасының ең жоғарғы наградасы. Сондықтан, осы марапат екіжақты қатынастар жылнамасына алтын әріппен жазылары сөзсіз. Мен достығымызды нығайтып, береке-бірлігімізді арттыра түсу үшін бар күш-жігерімді жұмсауға дайынмын», - деді Мемлекет басшысы бірлескен мәлімдеме барысында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға