Жаңалықтар

Тоқаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Ислам істері, уағыз және насихат жөніндегі министрімен кездесті

Кездесу барысында Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективалары талқыланды
Тоқаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Ислам істері, уағыз және насихат жөніндегі министрімен кездесті
Фото: Ақорда 14.09.2022 14:38 741

Президент Сауд Арабиясы Корольдігінің Ислам істері, уағыз және насихат жөніндегі министрімен шейх Абдуллатиф бен Абдулазиз Абдрахман Әл аш-Шейхпен кездесті, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Мемлекет басшысы ислам әлеміне қасиетті болған Мекке мен Мединенің орналасқан мекені – Сауд Арабиясы өкілдерінің бүгінгі Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының басқосуына қатысуы өте маңызды екенін атап өтті. Президент Қос Киенің Сақшысы, Король Салманның Арнайы өкілі ретінде сауд делегациясын бастап келгені үшін министрге ризашылығын білдірді. 

Тоқаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Ислам істері, уағыз және насихат жөніндегі министрімен кездесті

Сауд Арабиясы Корольдігінің Ислам істері, уағыз және насихат жөніндегі министрі Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының басқосуы беделді жаһандық диалог алаңына айналғанын атап өтті. 

Кездесу барысында Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективалары талқыланды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға