Жаңалықтар

Тоқаев Рим Папасы Францискті елорда әуежайында күтіп алды

Қарсы алу рәсімі барысында мемлекеттер басшылары бір-біріне екі елдің делегация мүшелерін таныстырды
 Тоқаев Рим Папасы Францискті елорда әуежайында күтіп алды
Фото: Ақорда 13.09.2022 17:56 724

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы Францискті елорда әуежайында өзі қарсы алды, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Қарсы алу рәсімі барысында мемлекеттер басшылары бір-біріне екі елдің делегация мүшелерін таныстырды. Содан кейін Қазақстан Президенті мен Католик шіркеуінің басшысы президенттік терминалдың Каминді залында қысқаша әңгімелесті. Кездесу соңында мәртебелі қонақтың кортежі Ақордаға бағыт алды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға