Жаңалықтар

Тоқаев пен Путин тұрақты байланыстады жалғастыруға келісті

Келіссөз өзара сенім әрі іскерлікпен ерекшеленген айырықша достық атмосферада өтті.
Тоқаев пен Путин тұрақты байланыстады жалғастыруға келісті
Фото: Ақорда 20.08.2022 11:55 1129
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сочиде ұзаққа созылған жеке кездесудегі келіссөздің қорытындысына көңілі толатынын жеткізді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды EL.KZ.

Мемлекет басшысының пікірінше, келіссөз өзара сенім әрі іскерлікпен ерекшеленген айырықша достық атмосферада өтті.

«Президент сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық ынтымақтастыққа, екі елдің халықаралық аренадағы өзара іс-әрекетіне қатысты барлық мәселелер жан-жақты талқыланғанын атап өтті. Мемлекеттер басшылары өздерінің деңгейіндегі уағдаластықтарды екі ел үкіметтерінің тұрақты түрде жүзеге асыруы маңызды деп түсінеді. Президенттер тұрақты жұмыс байланыстарын жалғастыруға келісті. Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге құрметі мен қонақжайлығына шынайы ризашылығын білдірді», – деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға