Жаңалықтар

Тоқаев: Павлодар – Қазақстанның дамуында үлесі мол аймақ

Бұл туралы Президент Павлодар облысының халқымен кездесуінде айтты
Тоқаев: Павлодар – Қазақстанның дамуында үлесі мол аймақ
Фото: kapital.kz 05.10.2022 15:54 1337

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Павлодар облысы жұртшылығымен кездесуі басталды, деп хабарлайды El.kz Ақордаға сілтеме жасап.

«Павлодар – Қазақстанның дамуында үлесі мол, маңызы жоғары аймақ. Өздеріңіз білесіздер, өткен аптадан бері өңірлерге сапарым басталды. Аймақтардағы халықпен кездесіп, ел дамуына қатысты бастамаларым туралы айттым. Алдымен Түркістан мен Шымкентке, содан кейін Семейге бардым.

Біз алдағы қысқа дайындық барысымен танысып, шұғыл мәселелерді қарадық. Облыстар үшін стратегиялық маңызы бар міндеттерді айқындадық. Бір сөзбен айтқанда, бұл өте мағыналы сапарлар болып жатыр», - деді Президент.

Мемлекет басшысы бұл өңірге ықыласы ерекше екенін айтты.

«Шын мәнінде, халықтың қолдауы – реформаларды табысты жүзеге асырудың ең басты кепілі. Мен тың өзгерістерге тілектес болып жатқан азаматтардың бәріне тағы да алғыс айтқым келеді. Біз бір ел болып жұмыла білсек, көздеген мақсатқа жетеміз.

Бүгін, міне, өздеріңізбен жүздесу үшін Ертіс бойына ат басын бұрдым. Бұл өңірге менің ықыласым ерекше екенін білесіздер. Павлодар облысы – еліміздің ең көрікті мекендерінің бірі», - деді Президент.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға