Жаңалықтар

Президент Американың ірі еврей ұйымдары конференциясы төрағасының орынбасарын қабылдады

Кездесуде Қазақстан Президенті мен Американың ірі еврей ұйымының басшысы діндер мен мәдениеттердің жаһандық диалогын тереңдету мәселелерін талқылады
Президент Американың ірі еврей ұйымдары конференциясы төрағасының орынбасарын қабылдады
Фото: Ақорда 14.09.2022 14:26 1409

Қасым-Жомарт Тоқаев Американың ірі еврей ұйымдары президенттері конференциясы төрағасының атқарушы орынбасары Малькольм Хонлайнді қабылдады, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Кездесуде Қазақстан Президенті мен Американың ірі еврей ұйымының басшысы діндер мен мәдениеттердің жаһандық диалогын тереңдету мәселелерін талқылады. Мемлекет басшысы форумға белсенді қатысқаны үшін мейманға алғыс айтып, қоғамның дәстүрлі негіздерін сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ бұл игі іс адамдардың сенімі мен рухани ілімін ұдайы нығайтатын барлық конфессияға тән екеніне сенім білдірді. Өз кезегінде Малкольм Хонлайн Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін өткізудің өзектілігі мен форумның дінаралық келісімді нығайтуға қосқан үлесін атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға