Жаңалықтар

Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді елорда әуежайында қарсы алды

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді
Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді елорда әуежайында қарсы алды
Фото: Ақорда 14.09.2022 14:58 814

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді елорда әуежайында қарсы алды, деп хабарлайды EL.kz.Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді елорда әуежайында қарсы алды. Мәртебелі қонақтың құрметіне әуежайда құрмет қарауылы сап түзеп тұрды. 

Рәсім аяқталғаннан кейін кортеж Ақорда сарайына бағыт алды. Онда Қазақстан мен ҚХР көшбасшылары қазақ-қытай стратегиялық серіктестігін жан-жақты нығайту перспективаларын талқылайды. 

Келіссөз қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжатқа қол қою жоспарланып отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға