Мәжіліс биологиялық материал алмасу туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құжатқа 2022 жылғы 20 мамырда Минскіде ТМД-ның бес елі - Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан қол қойған. Келісімді ратификациялау тараптарға жануарлардың аса қауіпті ауруларының зертханалық диагностикасын жетілдіру және микроорганизмдердің (штаммдарының) ұлттық коллекцияларын толықтыру бойынша күш-жігерді біріктіруге мүмкіндік береді.
Келісімді ратификациялау ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жануарлардың инфекциялық ауруларының таралуын алдын алу, жануарлардың аса қауіпті ауруларының зертханалық диагностикасын жетілдіру, микроорганизмдердің (штаммдардың) ұлттық коллекцияларын толықтыру және Келісімге қатысушы мемлекеттердің аумақтарын эпизоотиялардан қорғау жөніндегі күш-жігерін біріктіруге мүмкіндік береді, - деді Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Серік Егізбаев.