Мәжіліс Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Келісімге 2022 жылы 14 қазанда Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Тәжікстан және Өзбекстан елдері Астанада қол қойған. Мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ұлттық күш-жігер мен ынтымақтастықтың тиімділігін арттыру.
Құжат аясында сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқықбұзушылықтар санының одан әрі өсу қатерін еңсеру үшін күш-жігерді біріктіру, ақпарат алмасуды қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту саласындағы өзара іс-қимылды дамыту көзделген.
Келісімде сыбайлас жемқорлықтан түскен кірістерді іздестіру мен қайтару, сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған адамдарды іздестіру, ұстау және ұстап беру бойынша негізгі бағыттар мен нысандар айқындалған. Бұдан бөлек арнаулы операциялар жүргізу, жедел-профилактикалық іс-шаралар қарастырылады.
ТМД елдері сыбайлас жемқорлықты бірлесіп анықтайтын болды
Оқи отырыңыз
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары