Жаңалықтар

Тісті қалай дұрыс тазалау керек

Тісті қалай дұрыс тазалау керек
Фото: © iStock 15.01.2024 16:44 2752

Тісті қалай тазалауды жақсы білемін деген адамның өзі білмейтін қағидалар бар.

1. Тіс пастасын таңдарда құрамындағы фторға аса мән беріңіз

Фтор – бұл газ. Оны тіс пастасына енгізу үшін басқа элементтермен байланыстыры, қатты фторидті алады. Ол тісжегіге алып келетін бактериялармен қарқынды күресіп, тістің эмалін нығайтады. Дантисттер ересек адамдарға 1 350–1 500 ppm фториді (fluoride) бар тіс пастасын таңдауға кеңес береді. Бұл сықпада немесе қорапта көрсетілуі керек. Ал балалардікі 1 000 ppm-нен аспаған дұрыс. Сонымен қатар, тіс щеткасына тамызатын пастаны да асыра пайдаланып жүрмеңіз. Стоматологтар құрамында фторы бар тіс пастасы тісжегімен күресудің ең тиімді тәсілі деп есептейді. Пастада фтордан да басқа элементтер болады.

2. Ыңғайлы тіс щеткасын таңдаңыз

Көп адам дұрыс тіс щеткасын таңдамайды екен. Егер сіздің тісіңіз сау болса, қылдарының қаттылығы орташа тіс щеткасын пайдаланыңыз, ал балаларға жұмсағын әперген жөн. Сонымен қатар, сабының ұзындығына, щетканың басының көлеміне де аса мән берген дұрыс. Тіпті ол, электронды тіс щеткасы болсын...

3. Тісіңізді күніне екі рет, екі минут тазалаңыз

Орташа есеппен адамдар тістерін 45 секунд тазалайды екен. Тіс өңізін кетіру үшін стоматологтар 120 секунд тазалау керегін айтады. Тіс мамандарының кеңесі бойынша, ауыз қуысын 4 бөлікке бөліп, әр бөлікті 30 секундтан аз емес уақыт бойы тазалау керек. Айтпақшы, тісті екі не үш реттен артық тазалау тіс эмальдарына зиян келтіретінін ұмытпаңыз.

4. Тіс тазалау техникаасын назарда ұстаңыз

Америкалық стоматологтар тіс тазалаудың арнайы техникасын ұсынады. Біз көбінесе щетканы көлденеңнен үйкеу арқылы тазалаймыз. Алайда ауыз қуысындағы кей аймақтарды ерекше көңіл бөле отырып, тазалау керек. Мәселен:

- тіс тазалауды азу тістердің сыртқы жағын тазалаудан бастаңыз. Барлық тістердің сыртқы қабатын щетканы тігінен жүргізу арқылы тазалаңыз.

- азу тістің шайнайтын, беткі жағын көлденеңнен және айналдыру арқылы арқылы тазалаңыз;

- ауыз қуысын күніне 2-3 реттен кем емес шайып отырыңыз.

5. Тіс тазалауға арналған жіпті пайдаланыңыз

Тісжегіні шақыратын бактерияларға кейде тіс щеткасының қылдары жете бермейді. Сондықтан, оны сыртқа шығару үшін арнайы жіпт пайдаланған жөн. Егер бактериялар екі тіс ортасынан шықпаса, ол екеуі де қауіптің алдында тұр деген сөз. Жоқ дегенде күніне бір рет тіз тазалайтын жіпті қолданыңыз.

6. Ауыз қуысын шаятын сұйықтықты тісті тазалай сала пайдаланбаңыз

Сұйықтық фторды шайып кетуі мүмкін. Егер қажеттілігі бар деп есептеңіз, оны басқа уақытқа жылжытыңыз. Мәселен, тамақтанып болған соң немесе тісіңізді жуғаннан кейін 20–30 минутты араға салып, сұйықтықты пайдаланаңыз.

7. Тіс щеткасын қолданған соң жуып қойыңыз

Тіс өңезін тазалағаннан кейін щетканы дұрыстап тазаламаса, оның кей бөліктері щеткада қалып қояды. Осылай келесі жолы тісіңізді тазалаған кезде қалып қойған бактериялар көбейеді. Сол себепті әрбір тазалаудан кейін тіс щеткасын мұқият шайып, тазартып отырыңыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға