Жаңалықтар

Тимур Турлов Қазақстан футбол федерациясын басқаруы мүмкін

Тимур Турлов Қазақстан футбол федерациясын басқаруы мүмкін
Фото: facebook/Тимур Турлов 26.05.2024 02:18 734

Белгілі милиардер, ҚФФ Атқару комитетінің мүшесі Тимур Турлов Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті атануы мүмкін, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бейресми дерек бойынша, миллиардерге билік өкілдері көмектесуге дайын.  Бұл туралы Metaratings.kz жазды.

ФИФА мен УЕФА жаңа құжаттарына сәйкес, мемлекеттік органдардың ұлттық құрамалар жұмысына араласуы ұлттық құрамалардың, сонымен қатар клубтардың барлық халықаралық жарыстардан шеттетілуіне әкеп соғады.

Қазақстан футбол федерациясының қазіргі президенті – Әділет Барменқұлов. Ол бұл қызметті 2022 жылдан бері атқарып келеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға