IT-аналитик Тимур Бектұрдың айтуынша, стримерлердің әрекетіне заң аясында шара қолданылуы цифрлық кеңістікте де жауапкершілік бар екенін көрсетеді.
Оның пікірінше, мәселені тек жазалау арқылы шешуге болмайды. Жауапкершілік заң талаптары, әлеуметтік желі қолданушылары тарататын контент және платформалардың міндеттері тұрғысынан кешенді қарастырылуы тиіс. Сарапшы платформалардағы контентті бақылау үшін жасанды интеллект негізіндегі сүзгілерді күшейту қажет екенін атап өтті.