Жаңалықтар

Тимофей Скатов АҚШ-тың ашық біріншілігінің іріктеу кезеңдерінде жеңіске жетті

Тимофей Скатов АҚШ-тың ашық біріншілігінің іріктеу кезеңдерінде жеңіске жетті
Фото: Теннис федерациясы 26.08.2023 09:51 747

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов АҚШ ашық чемпионатының іріктеу кезеңдерінде жеңіске жетті, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.  

Әлемнің 128-ші ракеткасы рейтингте 240-орында тұрған жапониялық Каича Учиданың жолын кесті.  Екінші айналымда рейтингте 169-шы орынға жайғасқан италиялық Рауль Бранкаччионы турнирден шығарды. 

Іріктеудің финалдық кезеңінде Т.Скатов әлемнің 112-ракеткасы, аустралиялық Джеймс Дакворттан 6:2, 6:2 есебімен басым түсті. Үшінші рет «Үлкен дулыға» турниріне қатысқалы отырған отандасымыз АҚШ-тың ашық чемпионатындағы қарсыластары алда анықталады. 

Сонымен қатар, әлемнің 27-ракеткасы, қазақстандық Александр Бублик алғашқы айналымда аустриялық Доминик Тиммен өзара мықтыны анықтайды. 

Әйелдер арасында әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина рейтингте 37-орында тұрған украиналық Марта Костюкпен шеберлік байқасады. Ал Юлия Путинцеваның (рейтинтингте 79 орында) бірінші қарсыласы  италиялық Мартина Тревизан болмақ. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға