Жаңалықтар

Time журналы әлемдегі ең ықпалды адамдардың тізімін жасады

Time журналы әлемдегі ең ықпалды адамдардың тізімін жасады
Фото: ©Pixabay.com 18.04.2024 09:39 372

АҚШ-тың Time журналы әлемде ең ықпалды 100 адамның тізімін жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл тізімге әртістер, спортшылар, саясаткерлер, ғалымдар мен кәсіпкерлер енген.

Топта албаниялық әнші Дуа Липа, актриса Тараджи Пи Хенсон, Алексей Навальныйдың әйелі Юлия және американдық футбол Патрик Махоумс тұр, олардың суреттері басылымның мұқабасында шықты.

Time журналы әлемдегі ең ықпалды адамдардың тізімін жасады

Фото: Instagram/time

Сонымен қатар «Миллионер из трущоб» фильмінің басты кейіпкерін сомдаған Дев Пател мен оның әріптесі Алия Бхатт, рэпер 21 Savage, суретші Дженни Хольцер, актерлер Колман Доминго мен Джеффри Райт, «Оскар» лауреаты Давайн Джой Рэндолф және басқалар енген.

Бұдан бөлек тізімнен Нобель сыйлығының иесі Наргиз Мохаммади, мұхит қорғаушысы Рена Ли, Аргентина президенті Хавьер Милей, актриса Америка Феррера, дизайнер Джонатан Андерсон секілді танымал тұлғалар та табылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға