TikTok-тағы сөздер Кембридж сөздігіне енді

 ©Pixabay.com
Фото: ©Pixabay.com

«Скибиди», «традвайф» және «делюлю» сөздері Кембридж сөздігінің жаңартылған нұсқасына енді. Бұл дегеніміз TikTok буынының ағылшын тілінің дамуына айтарлықтай ықпал етіп отырғанын көрсетеді. Бұл туралы The Guardian-ға сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.

Лексикографтардың айтуынша, бұл неологизмдер уақытша құбылыс емес, тілдің тұрақты қабатына айналған.

«Скибиди» – Skibidi Toilet атты анимациялық сериал арқылы танымал болды. Балалар оны көбіне эмоцияны күшейту үшін қолданады. Сөздікте бұл сөз көп мағыналы деп сипатталады: «керемет», «жаман» немесе тіпті мәнсіз әзіл түрінде.

«Традвайф» (traditional wife сөзінен қысқарған) – 2020 жылдар шамасында пайда болған термин. Ол дәстүрлі өмір салтын насихаттап, белсенді түрде контент жариялайтын консервативті блогерлерді сипаттайды.

«Делюлю» (delusional сөзінен шыққан) – постшындық дәуірімен байланысты. Алғашында K-pop жанкүйерлерін әжуалау үшін қолданылған, яғни кумирімен қарым-қатынас бар деп сенетіндерді меңзеген. Кейін «делюлю – бұл солулю» (solution) мемі миллиардтаған қаралым жинап, тіпті Австралия премьер-министрі де қолданған.

Сонымен қатар, сөздікке мынадай жаңа сөздер қосылды:

«Бролигархия» (bro + oligarchy) – технологиялық бизнес саласындағы ықпалды ерлер тобы;

«Mouse jiggler» – компьютердің белсенділігін имитациялайтын құрылғы;

«Жұмысыңдағы жұбайың» (work spouse) – әріптес, онымен ерекше жақын әрі сенімді қарым-қатынас орнаған адам.

Оқи отырыңыз