Жаңалықтар

TikTok-та өткізетін уақытты шектеу шаралары қолға алынды - TikTok негізін қалаушы

TikTok-та өткізетін уақытты шектеу шаралары қолға алынды - TikTok негізін қалаушы
Фото: © Pixabay.com 12.10.2023 12:24 2056

TikTok-тың негізін қалаушы Шоу Цзы Чу TikTok-та өткізетін уақытты шектеуге қатысты шаралар қабылдап жатқанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ол тез танымалдыққа ие болған әлеуметтік желіні сынаушылардың пікірімен келісетінін, жасанды интеллект пен шынайы өмір салты арасында баланс болуы керек екенін айтты. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі әлеуметтанушылар TikTok-тың алгоритмі адамды шынайы өмірден алыстататынын айтқан еді.

Біршама уақыт өткеннен кейін біз әлеуметтік желіні қоя тұрып, ұйықтауға кеңес береміз. Ал егер күндізгі уақыт болса, серуендеп қайтуды ұсынамыз. Әсіресе 18 жасқа толмаған балаларға уақыт жағынан шектеу бар. 60 минуттан кейін әртүрлі ескертулер келе бастайды. Бұл платформаны одан әрі пайдалы ету үшін жасалып отыр, - деді ол.

2023 жылдан бері TikTok-та қазақ тілі қолжетімді болғанын айта кетейік.

Біз TikTok-та адамдарға шабыт пен қуаныш сыйлауды мақсат етіп қойдық. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі 1 миллиардтан астам халық біздің желіні пайдаланады. Біз TikTok-тың қоғамды өзгертетініне сенеміз. Біз қазір танымдық контентке көбірек көңіл бөліп жатырмыз. #BookTok деген жаңа хештег жасадық, - деді әлеуметтік желінің негізін қалаушы.

Ол сондай-ақ қазақ тілді контентке ерекше назар аударып жатқанын айтты.

Қазақ тілді контентті миллионнан астам адам көреді. Мәселен, кеше ғана химия пәнінің мұғалімі Ұлан Дүйсенов жасаған контентті жүктедік. Мен үшін қызықты ақпараттарға толы болды, - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға