Жаңалықтар

TikTok әлеуметтік желісінде тараған «зорлау күні» - жалған

TikTok әлеуметтік желісінде тараған «зорлау күні» - жалған
Фото: gov.kz 16.04.2024 17:21 343

TikTok және басқа да әлеуметтік желілерде 24 сәуір Халықаралық зорлық-зомбылық күні екені туралы ақпарат таралып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Желі қолданушыларының сөзінше, бұл күні ер адамдар әйелдерге зорлық көрсете алады. ІІМ ағылшын тіліндегі посттан тараған бұл хабарламаның жалған екенін атап өтті. 

Қазіргі уақытта "24 сәуір" туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының аумағында таратқан  TikTok желісінің екі қолданушысы анықталды. Олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді, – деп жазылған хабарладама.

Полиция ҚР ҚК-нің 274-бабы (Көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік барын ескертеді. Баптың санкциясымен 5 мың АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 5 жылға дейін бас бостандығын шектеу не болмаса бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға