Жаңалықтар

«Тиісті шаралар қабылдау керек». Смайылов бірқатар өңірлердегі ЖЭО-ның ахуалын айтты

«Тиісті шаралар қабылдау керек». Смайылов бірқатар өңірлердегі ЖЭО-ның ахуалын айтты
Фото: Коллаж El.kz 12.12.2023 16:13 849

Премьер-министр Әлихан Смайылов ЖЭО-дағы апатқа байланысты үкіметке бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды  El.kz  ақпарат агенттігі.

Жалпы елімізде   күн күрт суытып кетті. Осыған байланысты   коммуналдық жүйелерге түсетін   жүктеме де арта түседі. Мұндай кезде жылу және энергия объектілерінде   штаттан тыс жағдайлар   орын алатыны мәлім. Технологиялық ақауларға байланысты   инциденттер болып жатыр. Бірақ, жылу беру   толықтай   тоқтап қалған жоқ. Бұзылған учаскелерді   нормативтік мерзімде қалпына келтіру бойынша   шұғыл шаралар қабылданды, - деді премьер-министр үкімет отырысында.

Әлихан Смайылов әкімдерге өңірдегі барлық жүйелердің жұмысын ерекше бақылауда ұстауды тапсырды. Авариялар болған жағдайда барынша шұғыл әрекет етіп, тиісті шаралар қабылдау керек екенін атап өтті.

Халыққа нақты жағдай туралы,   жөндеу жұмыстары мен   жоспарлы жұмыстар туралы   дер кезінде,   объективті   әрі түсінікті ақпарат беру – маңызды мәселе. Әйтпесе,   өтірік ақпарат пен   фейк тарап кетеді, - деді ол.

Сондай-ақ, премьер-министр бірқатар мәселеге назар аударды.

Біріншіден, Энергетика,   Өнеркәсіп министрліктері,   өңір әкімдіктері мен   энергия объектілерінің иелері   барлық жылу жүйелерінің тұрақты жұмысын  қамтамасыз етуі тиіс. Екіншіден, «Қазақстан темір жолы»   және «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниялары   бірінші кезекте жылу станциялары мен  қазандықтарға   отынның уақтылы жеткізілуін   қамтамасыз етуі қажет. Үшіншіден, өңір әкімдіктері   жылу объектілерінің иелерімен бірге  тұрақты жұмыс істейтін   жөндеу бригадаларының болуын,   шұғыл жөндеу жұмыстары   қажет болған жағдайда   қосалқы бөлшектердің әзір тұруын   қамтамасыз етуі керек. Қысқы жылыту маусымының тұрақты өтуі   әрбір өңір әкімінің   жеке бақылауында болуы тиіс, - деді Смайылов.

Бұған дейін энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бірқатар өңірдегі ЖЭО-дағы апатқа байланысты мәлімдеме жасады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға